2025-2026 оқу жылының 19 қыркүйек колледжімізде жас мамандар мен тәжірибелі тәлімгерлерге арналған мазмұнды семинар-тренинг өткізілді. Іс-шараның мақсаты — жас педагогтарды қолдау, кәсіби шеберлігін арттыру және тәжірибелі тәлімгерлермен байланысын нығайту болды.
Семинардың ашылуында колледж директоры құттықтау сөз сөйлеп, жас мамандарға ізгі тілегін білдіріп, бағыт-бағдар берді. Білім беру саласындағы маңызды ұстанымдар мен мұғалімнің рөлі туралы мазмұнды ойларымен бөлісті.
Семинар-тренингті ұйымдастырушылар:
Колледж әдіскері мен Педагог-психолог
Олар бірлесіп, мазмұнды бағдарлама құрып, жас мамандар мен тәлімгерлер үшін қызықты әрі пайдалы іс-шара өткізуге атсалысты.
Шара аясында:
▪️ Кәсіби тәжірибе мен қиындықтар талқыланып, ситуациялық сұрақтар шешілді
▪️ Жас мамандар мен тәлімгерлер бірлесіп топтық жұмыс, ойталқы, талдау тапсырмаларын орындады
▪️ Бірнеше нақты жағдаяттар бойынша шешім жолдары ұсынылды
▪️ Тәжірибелі ұстаздар өз ақыл-кеңестерімен бөлісіп, қолдау мен жігер берді
Қатысушылар бір-бірінен үйреніп, кәсіби дамуға жаңа серпін алды. Семинар-тренинг ынтымақтастық пен тәжірибе алмасудың құнды алаңына айналды.
Осындай мазмұнды кездесулер — білім сапасын арттыру мен ұстаздар қауымының өзара байланысын нығайтуға жол ашады!









