«Әйтеке би көпсалалы колледжі» арнайы пән оқытушылары Д.Бақыт (ауыл шаруашылығы мамандығы бойынша) және А.Серікбай (тамақтандыруды ұйымдастыру мамандығы бойынша) Орал қаласында өткен екі апталық біліктілік арттыру курсын сәтті тәмамдап, оқу орнынан жаңа идеялар мен әдістемелік тәжірибелермен оралды.
Курстан кейін ұстаздар әріптестеріне арнап семинар-тренинг өткізіп, алған білімдерін және жаңашыл тәжірибелерін бөлісті.
Д.Бақыт ауыл шаруашылығы саласындағы жаңа технологиялар, цифрландыру үрдістері, агроөндірістегі инновациялық тәсілдер туралы кеңінен түсіндіріп, теория мен практиканы ұштастырудың тиімді жолдарын ұсынды. Сондай-ақ өндірістік тәжірибеде қолдануға болатын нақты мысалдар мен әдістемелік ұсыныстарды ортаға салды.
Ал А.Серікбай «Асқабақтан крем-суп дайындау» тақырыбында практикалық шеберлік сабағын өткізіп, тағам әзірлеудің заманауи әдістері мен тағамды безендіру ерекшеліктерін көрсетті. Бұл тәжірибелік сабақ қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.
Семинар барысында арнайы пән оқытушылары қазіргі білім беру жүйесіндегі жасанды интеллект түрлеріне де тоқталып ChatGPT, Kahoot, Gamma, Tarsia Maker оның оқыту процесіндегі маңызын кеңірек түсіндірді. Қатысушылармен бірге интерактивті ойындар мен топтық тапсырмалар арқылы жаңа технологияларды тиімді қолдану жолдарын талқылады.
Осындай іс-шаралар оқытушылардың кәсіби құзыреттілігін арттырып, білім беру сапасын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.
https://www.aitekebi-mk-2022.edu.kz/kz/distemelik-b-lim/distemelik-zh-mys/333-bilim-men-t-zhiribe-sapaly-maman-dayarlaudy-negizi.html#sigFreeId2a321ae692









